Телефон

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №7" Управления общественного здравоохранения города Алматы

Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

 

  • Егер көрсетілген медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса;
  • Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының бұзылуына тап болсаңыз: Қабылдауға жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, медициналық ұйымға тіркелу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама мен парақ беру, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, емделушілерге емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру, Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндердің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) тірі кезіндегі ерікті қайырмалдығына келісімді немесе келісімді кері қайтарып алуды тіркеу, Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру;
  • Медициналық қызметкердің өрескелдік таныту оқиғасы орын алған болса;
  • ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері үшін ақшалай қаражат бопсалау деректеріне куә болсаңыз;
  • Медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелер туындаса, онда

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ!

Біздің емханада осы аталған ҚЫЗМЕТ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі негізінде құрылған.

ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • азаматтардың ТМККК және МӘМС шеңберінде сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
  • пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) «Осы жерде және қазір» қағидасына сай шешу, анықталған жағдайларды зерделеу, пациенттер арасында сауалнама жүргізу арқылы медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасымен қанағаттандыру дәрежесін анықтау;
  • пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігіне бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
  • жұмыстағы ақаулардың алдын алу мен жоюға және медициналық көмектің сапасын, тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

 

Сіздің өтініштеріңізді біз кез келген ыңғайлы түрде

қабылдауға дайынбыз:

  • тіркеу орнының жанында бірінші қабатта орналасқан азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған жәшік,
  • e-otinish порталы арқылы электрондық өтініштер
  • электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  • Алматы қ., Бұқар жырау - 14 мекен-жайы бойынша корреспонденттік пошта
  • емхана сайтындағы: gp7almaty.kz емхана директорының блог платформасы арқылы.

Объективтілік пен ашықтық қағидаларын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде, тілегіңіз бойынша Өзіңіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Өтінішіңіз уақытылы каралып, белгіленген мерзімге сәйкес жауап аласыз.

Өтініштер, хабарламалар, сұраныс, пікір мен ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Тиісті түрде қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім субъект басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабы).

         Шағым келіп түскен күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 99-бабы).

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРы АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

Сall-центр – 310-07-07

ПҚжІАҚ — +7 701 521 94 35

ПҚжІАҚ WhatsApp нөмірі - +7 701 521 94 35

Қызметтің жұмыс уақыты: 08.00. -17.00 сағ. (13.00-14.00сағ.- түскі үзіліс), күнделікті жұмыс күндері.

Сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз!