Артрит - буындардың қабынуы

Артрит - буындардың қабынуы. Артрит адам денсаулығына өте қауіпті, өйткені олар аяқ-қолдың сүйектенуіне, кейіннен мүгедектікке әкелуі мүмкін

Бұл ауруға ең алдымен жұмысының сипатына байланысты ұзақ уақыт бойы аяққа тұруға мәжбүр болған адамдар, кәсіби спортпен шұғылданатындар, жиі тонзиллитпен ауыратындар, әртүрлі жұқпалы аурулармен ауыратындар ауырады.

Бұл аурудың алдын алу мыналарды қамтиды:

• темекі шегуді тоқтату, кофені мөлшерден тыс пайдалану;

• қарақат, көкжидек, қызанақ, ақжелкен, алма сияқты жемістер мен көкөністерді тұтынуды арттыру;

• күніне кемінде бес порция жемістер мен көкөністерді жеу керек;

• Ақ нан, макарон және қанттан аз мөлшерде пайдалану;

• Күніне 6-8 стакан сүзгіден өткен су ішу;

• Омега-3 май қышқылдары қабынуды азайтуға көмектесуі мүмкін (соя, рапс майы, зығыр тұқымы және асқабақ тұқымын жеу)

Ең жиі зақымдалған буындар: білек, саусақ, тізе, аяқтар және шынтақ.

09 9