Қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес құрылған, ол емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылып, медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Мақсаты:
- Науқастың қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету.
- Науқастардың шағымдарын «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешуді қамтамасыз ету.
Міндеті: Медициналық көмектің сапасын басқару бойынша емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
Функциялары:
- ішкі көрсеткіштерді пайдалана отырып, өз процестері мен рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу бойынша бөлімшелердің қызметінің тиімділігін талдау;
- ауруханаішілік комиссиялардың қызметін талдау;
- емхана басшылығын тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- медициналық қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналға оқыту және әдістемелік көмек көрсету;
- қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлерді сапаны жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар ету;
- медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;
- сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде туындаған кезде орнында шешу;
- азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.
Құрметті пациенттер!
Егер СІЗ:
- медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық қызметкерлер дөрекі мінез-құлқын көрсетсе;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкер ақша талап ету фактілері кездескен жағдайда;
- сонымен қатар СІЗ медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, сіз ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ хабарласуға құқылысыз.
ҚЫЗМЕТ басшысы Мусирепова Саркыткуль Карменовна, 1 қабат, 117 каб. кон.тел. +7 701 521 9435, жұмыс уақыты 08.00. -18.00 (13.00-14.00 - түскі үзіліс).
Біз сіздің сұраныстарыңызды Сізге ыңғайлы кез келген нысанда қабылдауға дайынбыз:
- • Қабылдау ғимаратының жанындағы бірінші қабатта орналасқан азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы;
- • Алматы қаласы, Бұқар жырау – 14 мекенжайы бойынша корреспонденттік пошта;
- • Емхананың веб-сайты арқылы: www.gp7almaty.kz;
- • Емхананың бас дәрігерінің блог-платформасы арқылы;
- • Электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиялық негізде және қаласаңыз, сіздің қатысуыңызда қаралады. Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленген мерзімде жауап береді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірыңғай ақпараттық байланыс орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз, медициналық көмек көрсетудің барлық мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 3000-103