Құрметті ата-аналар мен кішкентай достар!

 
 ШЖҚ «№7 Қалалық емхана» КМК Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында: педиатр, балалар хирургы, балалар невропатологы, балалар эндокринологы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізеді! Іс-шара барысында балалар профилактикалық тексеруден өтіп, бейінді мамандардан кеңес ала алады, бойы мен салмағын өлшей алады.
 Сыйлықтармен интерактивті ойындар ойнатылады.
 
Сіздерді 2024 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, Бұқар Жырау гүлзары 14 (Марков көшесінің қиылысында) мекенжайы бойынша күтеміз.