2023 жылғы 24 Шілдеде №7 қалалық емханада қарттарға, ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға қызмет көрсету мәселелері бойынша денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияның және аудандық медициналық бірлестіктің бірлескен отырысы өткізілді.
Отырыста қарттарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі жол картасы, гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты, сондай-ақ ауданның медициналық мекемелерінде ардагерлер ұйымдарын құру туралы талқыланды.