Емхана қызметтері

Емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) келесі медициналық қызмет түрлері бойынша Шарт жасасты:

1. Халыққа консультативтік-диагностикалық қызметтер кешенімен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

2. Халықтың мақсатты топтарын профилактикалық медициналық тексерулер: жатыр мойны обырын ерте анықтау, сүт безі обырын ерте анықтау, тоқ ішек обырын ерте анықтау үшін;

3. Күндізгі стационар түріндегі стационарды алмастыратын көмек;

4. Стоматологиялық көмек:

4.1 17 жасқа дейінгі студенттерге шұғыл стоматологиялық көмек көрсету;

4.2 Бостандық ауданының жасөспірімдеріне, жүкті студенттеріне, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға – зейнеткерлерге, Батыр аналарға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету;

4.3 т №17 емхананың босанғанға дейінгі емханасында жүкті әйелдерге толық көлемде стоматологиялық көмек көрсету;

4.4 Ұлы Отан соғысының мүгедектері, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар, Бостандық ауданында, No17 емханалардың «Д» (диспансерлік) есебінде тұрған науқастар.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысы.

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНЕ КІРЕДІ:

1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.

2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек:

1) пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

3) пациент орналасқан жерде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;

4) кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау үшін көрсетіледі.

3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:

1) кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;

3) аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен мониторингтеу және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқыту;

4) иммундау;

5) саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы;

2) жарақаттанған, уланған кезде немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметтер, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригада көрсететін қызметтер;

3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика мен емдеу.

5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу;

2) МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде көрсетілетін стационар қызметтері;

3) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

4) уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.

7. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеу кезінде;

2) туберкулезбен ауыратындарға.

8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.

9. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.

11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.

12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.

13. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;

3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.