30.03.2021 редакциясында
Жарияланған: ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 18.11.2020 ж.; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 40, 296-құжат, Басуға қол қойылған күні 28.10.2020 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы.
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының5-тармағынасәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға1-қосымшағасәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі;
2) осы қаулыға2-қосымшағасәйкес Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізуқағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар);
3) осы қаулыға3-қосымшағасәйкес халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатынтоптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) Қағидаларға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерді алуын;
2) профилактикалық екпелер жүргізуге жағдайлары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында көшпелі екпе бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға4-қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріА. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
1-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі
1. Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
"В" вирусты гепатиті;
b типті гемофильдік инфекция;
дифтерия;
көкжөтел;
қызылша;
қызамық;
пневмококк инфекциясы;
полиомиелит;
сіреспе;
туберкулез;
эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
құтырма;
іш сүзегі;
көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
оба;
коронавирус инфекциясы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.03.2021№ 173(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:
"А" вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.03.2021№ 173(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі№ 612 қаулысына
2-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары
1. Осы Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының5-тармағынасәйкес әзірленді және профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Міндетті профилактикалық екпелерді (бұдан әрі – екпелер) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, ересектерге және (немесе) балаларға консультативтік-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.
3. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталған.
4. Екпелерді жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар, екпелерді жүргізу техникасы қағидаларына, иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар өршіген жағдайда шұғыл көмек тәсілдеріне оқытылған, екпелерді жүргізуге рұқсаты бар адамдар жіберіледі.
Рұқсатты медициналық ұйымның жанынан арнайы құрылған екпелер жүргізуге рұқсат беру жөніндегі комиссия жыл сайын береді.
5. Екпелер жүргізуді ұйымдастыруды, екпелерді жүргізетін мамандарды даярлауды медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.
6. Екпелер денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Екпелер жүргізілетін үй-жайлар қолдануға арналған нұсқаулығы бар шұғыл және шоққа қарсы терапия жиынтығымен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.
7. Елді мекенде екпелер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде (денсаулық сақтау ұйымы, медицина қызметкері немесе вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау үшін жағдай болмаса) екпелерді тиісті көшпелі екпе бригадасы жүргізеді.
Көшпелі екпе бригадаларының жұмыс режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары белгілейді.
8. Екпелерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген вакциналар мен медициналық иммундық-биологиялық препараттар пайдаланылады.
9. Екпелер парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтер арқылы және пероральды - ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.
10. Егілетін адамға екпе жүргізетін күні дәрігер, дәрігер болмаған кезде - фельдшер медициналық қарап-тексеру және термометрия жүргізе отырып, иммундауға қарсы айғақтарды жоққа шығару үшін егілетін адамнан немесе оның заңды өкілінен сұрау жүргізеді және қарсы айғақтар болмаса, екпе жүргізуге рұқсат береді.
11. Медициналық қызметкер егілетін адамға немесе оның заңды өкіліне екпе туралы, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен жағымсыз жағдайлар, екпеден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. Екпелер азаматтардан, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан немесе олардың өзге де заңды өкілдерінен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардан егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін жүргізіледі.
12. Кәмелетке толған егілетін адамды екпені жүргізу алдында медициналық тексеру олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағым берген жағдайда және (немесе) аурудың объективті белгілері болған кезде жүргізіледі.
13. Екпелерді жүргізу алдында медицина қызметкері вакцинаның және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың ампуласының (сауытының) бүтіндігін, жарамдылық мерзімін, таңбалануын, вакцинаның ерітіндіге және қоса берілген нұсқаулыққа сәйкестігін мұқият тексереді.
14. Иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшін егілген адамдар өздері екпе алған медициналық ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады. Екпелерді көшпелі екпе бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар екпені жүргізген медицина қызметкерінің бақылауында болады.
15. Медицина қызметкері барлық жүргізілген екпелерді есепке алуы тиіс, онда мына мәліметтер қамтылады: препарат енгізілген күн, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел. Аталған деректер медициналық құжаттардың есепке алу нысандарына енгізіледі:
1) балаларда – профилактикалық екпе картасы (063/у нысаны), баланың даму тарихы (112/у нысаны), баланың медициналық картасы (026/у нысаны), амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақ (025-1/у нысаны), жаңа туған нәрестенің профилактикалық екпелерін есепке алу журналы (064-1/у нысаны), вакциналардың қозғалысы журналы (064-2/у нысаны);
2) ересектерде – амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны), профилактикалық екпелерді есепке алу журналы (064/у нысаны).
16. Екпелер туралы мәліметтер екпе паспортына енгізіледі, оның нысанын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының31) тармақшасынасәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Есепке алу құжаттамасы мен екпе паспортында екпелерді жүргізу туралы жазбаның дұрыстығын және шынайылығын екпелерді жүргізген медицина қызметкері қамтамасыз етеді.
17. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізудегі реакциялар мен иммундаудан кейінгі жағымсыз жағдайлардың бәрі осы Қағидалардың15және16-тармақтарындакөрсетілген медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.
Медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық
екпелерді жүргізу қағидаларына
қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдері
Ескерту. Кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.03.2021№ 173(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.Республикалық бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы екпелер жүргізілетін инфекциялықаурулар
Егілетін адамдардың жасы мен контингенті |
Тубер-кулез |
"В" вирус-ты гепатиті |
Полио- миелит |
Көк-жөтел, дифте-рия, сіреспе |
b типті гемофиль-дік инфекция (Hib) |
Пневмо-кокк инфек-циясы |
Дифте-рия, сіреспе |
Қызылша, қызамық, эпиде-миялық паротит |
Құтыр-ма |
Іш сүзегі |
Көк-темгі-жазғы кене энце-фалиті |
Оба |
Коронави-рус инфекциясы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1) жасы бойынша |
|||||||||||||
1-4 күн |
+ |
+ |
|||||||||||
2 ай |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||
3 ай |
+ |
+ |
+ |
||||||||||
4 ай |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||
12-15 ай |
+ |
+ |
+ |
||||||||||
18 ай |
+ |
+ |
+ |
||||||||||
6 жас (1 сынып) |
+ |
+ |
+ |
||||||||||
16 жас және әр 10 жыл cfqsy |
+ |
||||||||||||
2) инфекция-лық аурулардың табиғи ошақтарын-да тұратын және жұмыс істейтін адамдар |
+ |
+ |
|||||||||||
3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: |
|||||||||||||
медицина қызметкерлері |
+ |
||||||||||||
кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері |
+ |
||||||||||||
4) денсаулық жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: |
|||||||||||||
қан құйылған адамдар |
+ |
||||||||||||
5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар |
+ |
||||||||||||
6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығы бұзылып зақымданған адамдар |
+ |
||||||||||||
7) эпидемиологиялық көрсетілім-дер бойынша |
+ |
+Жүктеу |
2.Жергілікті бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар
Егілетін адамдардың жасы мен контингенті |
"А" вирусты гепатиті |
Тұмау |
Күйдіргі |
Туляремия |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1) жасы бойынша |
||||
2 жас |
+ |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын жұмыс істейтін адамдар |
+ |
+ |
||
3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша катер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: |
||||
медицина қызметкерлері |
+ |
|||
4) денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: |
||||
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар |
+ |
|||
5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті |
+ |
|||
6) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
+ |
+ |
Жүктеу |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
3-қосымша
Халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары
Ескерту. Топтарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.03.2021№ 173(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Міндетті профилактикалық екпелерге халықтың мынадай топтары жатады:
1) міндетті профилактикалық екпелер жүргізу белгіленген мерзімдерге сәйкес жасы бойынша адамдар;
2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;
3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар:
медицина қызметкерлері ("В" вирусты гепатиті, тұмау);
кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);
4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
қан құйылған адамдар ("В" вирусты гепатиті);
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті (тұмау);
6) кез келген жануар тістеген, сілекейін жаққан адамдар (құтырма);
7) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар (сіреспе);
8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар ("А" вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 45-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 663қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 40, 357-құжат).
3. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 119қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 266-құжат).