Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21572 болып тіркелді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 87-бабының 2-тармағынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
№ п/п |
Мақсатты топ |
Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға |
2 |
Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға |
3 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Сүт безі обырын ерте анықтауға |
4 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмайтын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Колоректальды обырды ерте анықтауға |
5 |
Тәуекел топтары: |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (2 кезеңдік) |
6 |
Тәуекел топтары: |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (1 сатылы)Жүктеу |
Ауыл халқы қатарындағы адамдардың қосымша нысаналы топтары, скринингтік зерттеулерге жататындар
№ п/п |
Мақсатты топ |
Скринингтік зерттеулердің түрі |
|
7 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер |
Мінез-құлықтық қауіп факторларын, артериялық гипертонияны ерте анықтауға, |
|
8 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, қант диабетімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 18-ден 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Қант диабетін ерте анықтауға |
|
9 |
Глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер |
Глаукоманы ерте анықтауға |
|
10 |
Асқазан-ішек жолдарының ауруларымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Асқазан-ішек жолдарының ауруларын ерте анықтауға |
|
11 |
18 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, бүйректің созылмалы ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер мен әйелдер |
Бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға |
|
12 |
Тыныс алу органдарының қатерлі ауруларымен және өкпе туберкулезімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Тыныс алу ағзаларының ауруларын ерте анықтауға |
|
13 |
55 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безінің қатерлі ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер |
Қуықасты безі обырын ерте анықтауғаЖүктеу |
|
Қазақстан Республикасы |
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 2-тармағынасәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді өткізу тәртібін, көлемі мен кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 112(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Скринингтік зерттеулер аурулардың тиісті түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарға жүргізіледі.
2 тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық бақылау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.
6. АЕК ұйыдарының скринингтік зерттеулерін жүргізу үшін:
1) халықтың медициналық ұйымына бекітімен адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;
4) МАЖ-ға деректерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:
дайындық кезеңі;
қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі;
қорытынды кезең.
1-параграф. Скринингтік зерттеулердің дайындық кезеңін өткізу тәртібі
8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина қызметкері (бұдан әрі – ОМҚ) жүзеге асырады және өзіне мыналарды қамтиды:
күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін жыл сайын қалыптастыру және жасау, кейіннен нысаналы топтарды ай сайын түзету;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;
халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру;
халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
2-параграф. Скринингтік зерттеулердің қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңін жүргізу тәртібі
9. Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды:
бірінші кезеңде АЕК ұйымының ОМЖ немесе дәрігері:
сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеуді жүргізеді;
екінші кезең – зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу жолымен тереңдетілген толық зерітеп-қарау кезеңі, оған пациент скринингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде өзгерістер анықталған кезде жіберіледі.
10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1–қосымшасынасәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі - нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.
11. Пациент сауалнамасының нәтижелері бойынша АЕК ұйымдарының дәрігері немесе ОМҚ:
1) Профилактикалық консультация жүргізеді және пациентке мінез-құлқын өзгерту жөнінде егжей-тегжейлі ұсынымдар береді;
2) пациентті бейінді денсаулық мектебіне жібереді.
12. Жүргізілген скринингтік зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша өзгерістерді анықтаған кезде пациент екінші кезеңге (толық тексеру) жіберіледі.
ОМҚ немесе АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты толық тексеруге МАЖ-ға жолдамалар қалыптастырады.
13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеруге жататын медицина қызметкерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.
14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулер өтеді.
15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.
3-параграф. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін өткізу тәртібі
16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.
Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық тексеру, бақылау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделеді, кейіннен МАЖ-ға күнтізбелік бір айдан кешіктірілмей енгізіледі.
3-тарау. Скринингтік зерттеулерді өткізу көлемі мен кезеңділігі
18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулердің көлемін осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларғасәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет түріне лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүргізеді.
19. Халықты скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес жүзеге асырылады.
20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.
Скринингтік зерттеулерді |
Халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 112(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ |
Скринингтік зерттеулердің мақсатты тобы және түрі |
Скринингтік зерттеулер көлемі |
Қызметтер пакетінің атауы |
1 |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер |
ТМККК |
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия |
|||
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау |
|||
Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыста) |
|||
Консультация: Кардиолог |
МӘМС |
||
Консультация: Эндокринолог |
|||
Консультация: ОфтальмологЖүктеу |
Ауыл халқының қосымша скринингтері үшін халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі
№ |
Мақсатты топ |
Скринингтік зерттеулер көлемі |
Қызметтер пакетінің атауы |
2 |
Жылына 1 рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-29 жастағы ерлер мен әйелдер |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер, фельдшер |
|||
Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау |
|||
Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді қол әдісімен анықтау |
|||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыста) |
|||
Консультация: Кардиолог |
МӘМС |
||
3 |
Жылына 1 рет Қант диабетін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер |
|||
Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау немесе Қан сарысуындағы жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді қол әдісімен анықтау |
|||
Қандағы гликозилденген гемоглобинді анализаторда анықтау |
МӘМС |
||
Қалқанша безінің УДЗ |
|||
Консультация: Эндокринолог |
|||
4 |
Глаукоманы ерте анықтауға жылына 1 рет скринингтік зерттеуге жататын 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер |
|||
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу (1 көз) |
|||
Консультация: Офтальмолог |
МӘМС |
||
5 |
50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер жылына 1 рет тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
|||
Диагностикалық флюорография (1 проекция) |
|||
Консультация: Фтизиатр |
|||
Кеуде қуысының шолу органдарының рентгенографиясы (1 проекция) |
МӘМС |
||
Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы |
|||
Консультация: Онколог |
|||
6 |
Асқазан-ішек жолы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер жылына 1 рет |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер |
|||
Қан сарысуындағы жалпы билирубинді анализаторда анықтау немесе Қан сарысуындағы жалпы билирубинді қол әдісімен анықтау |
ТМККК |
||
Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) қол әдісімен анықтау |
|||
Қан сарысуындағы аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) қол әдісімен анықтау |
|||
Фиброэзофагогастродуоденоскопия |
МӘМС |
||
Гепатобилиопанкреатиялық аймақтың УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр) |
|||
Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест) |
|||
Скринингтік жаппай бейне колоноскопия |
|||
Консультация: Гастроэнтеролог |
|||
7 |
Созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, жылына 1 рет |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер |
|||
Қан сарысуындағы креатининді анализаторда анықтау немесе Қан сарысуындағы креатининді қол әдісімен анықтау |
|||
Анализаторда несептің жалпы талдауын зерттеу (несеп тұнбасының жасушалық элементтерінің санын есептей отырып, физикалық-химиялық қасиеттері) немесе несептің жалпы талдауын зерттеу қол әдісімен анықтау |
МӘМС |
||
Бүйректі, қуықты қалдық несепті анықтаумен УДЗ |
|||
Консультация: Уролог |
|||
Консультация: Нефролог |
|||
8 |
Қуықасты безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеуге жататын 55 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер 2 жылда 1 рет |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер |
|||
Қан сарысуындағы жалпы простатқа тән антигенді (ПСА) ИФТ-әдісімен анықтау |
МӘМС |
||
Қуық асты безі мен қуықтың қалдық несепті анықтаумен трансабдоминалды УДЗ және (немесе) қуық асты безінің трансректалды УДЗ |
|||
1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу |
|||
Консультация: Хирург |
|||
Консультация: Уролог |
|||
9 |
Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Консультация: Акушер-гинеколог |
МӘМС |
Кенес (2 рентгенограмманы оқу): Рентгенолог |
|||
Консультация: Онколог/Онколог-хирург |
|||
Консультация: Маммолог |
|||
Сүт бездерін УДЗ |
|||
Мақсатты маммография (1 проекция) |
|||
Стереотаксикалық бақылаудағы пункциялық / аспирациялық биопсия |
|||
Трепанобиопсия |
|||
1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
Қабылдау: Мейіргер, фельдшер немесе акушер |
|||
Маммография (4 сурет)Жүктеу |
Қысқартуларды ашып-жазу:
ТМККК |
- |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
ИФТ |
- |
Имунноферменттік талдау |
МӘМС |
- |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
ПТА |
- |
Простатаға тән антиген |
УДЗ |
- |
Ультрадыбыстық зерттеу |
Скринингтік зерттеулерді өткізу |
В және С вирустық гепатиттері мен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің көлемі
№ |
Скринингтік зерттеулердің мақсатты тобы және түрі |
Қызметтің атауы |
Қызметтер пакетінің атауы |
3 |
Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Кенес: Акушер-гинеколог |
МӘМС |
Кенес (2 рентгенограмманы оқу): Рентгенолог |
|||
Кенес: Онколог/Онколог-хирург |
|||
Кенес: Маммолог |
|||
Сүт бездерін УДЗ |
|||
Мақсатты маммография (1 проекция) |
|||
Стереотаксикалық бақылаудағы пункциялық / аспирациялық биопсия |
|||
Трепанобиопсия |
|||
1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу |
|||
Маммография (4 сурет) |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер немесе акушерка |
|||
2 |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Кенес: Акушер-гинеколог |
МӘМС |
Кенес: Онколог немесе онколог-хирург немесе онколог-гинеколог |
|||
Видеокольпоскопия либо кольпоскопия |
|||
Жатыр мойны биопсиясы |
|||
1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу |
|||
Жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу Пап-тест не жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тест |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер немесе акушерка |
|||
Онкоцитологияға сүртінді алу |
|||
4 |
Колоректалдық обырды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест) |
МӘМС |
||
Скринингтік жаппай бейне колоноскопия |
|||
Эндоскопическая щипковая биопсия |
|||
1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу |
|||
Кенес: Онколог немесе онколог-хирург |
|||
Кенес: Хирург |
|||
Кенес: Гастроэнтеролог |
|||
Кенес: Проктолог |
|||
5 |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезеңдік) |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер немесе акушерка |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
Тамырдан қан алу |
|||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау |
МӘМС |
||
Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденелерді ИФТ-әдісімен жиынтық анықтау |
|||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау |
|||
6 |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобынан иммунокомпрометирленген тұлғаларды скринингтік зерттеу (1 кезеңді) |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер немесе акушерка |
ТМККК |
Тамырдан қан алу |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау |
МӘМС |
||
Қан сарысуындағы IgG-ді HBsAg-қа ИФТ-әдісімен анықтау |
|||
Қан сарысуындағы IgM HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау |
|||
Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденелерді ИФТ-әдісімен жиынтық анықтау |
|||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтауЖүктеу |
Скринингтік зерттеулерді өткізу |
Халықтың скринингтік зерттеулерін аяқтау мерзімділігі мен мерзімдері
№ |
Наименование целевой группы |
Периодичность |
Срок завершения исследования |
1 |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
2 жылда 1 рет |
60 күн |
2 |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
4 жылда 4 рет |
60 күн |
3 |
Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
2 жылда 1 рет |
60 күн |
4 |
Колоректалдық обырды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
2 жылда 1 рет |
60 күн |
5 |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2 кезеңдік) |
6 айда 1 реттен жиі емес |
3 ай |
6 |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың иммунокомпрометирленген декреттелген санаттары (1-кезең) |
6 айда 1 реттен жиі емес |
3 айЖүктеу |
Ауыл тұрғындары үшін қосымша скринингтік зерттеулерді аяқтау мерзімділігі мен мерзімдері
№ |
Нысаналы топтың атауы |
Периодичность |
Зерттеудің аяқталу мерзімі |
7 |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
1 жылда 1 рет |
60 күн |
8 |
18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер қант диабетін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын әйелдер |
1 жылда 1 рет |
60 күн |
9 |
Мужчины и женщины в возрасте от 18 до 29 лет подлежащие скрининговым исследованиям на раннее выявление глаукомы |
1 жылда 1 рет |
60 күн |
10 |
50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын |
1 жылда 1 рет |
30 күн |
11 |
Асқазан-ішек ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
1 жылда 1 рет |
60 күн |
12 |
Бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
1 жылда 1 рет |
60 күн |
13 |
Қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 55-тен 70 жасқа дейінгі ерлер |
1 жылда 1 рет |
60 күнЖүктеу |
Скринингтік зерттеулерді |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау үшін тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Р/с № |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері |
Тәуекел тобы |
1 |
Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет |
Медицина қызметкерлері: |
2 |
Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін |
Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар; |
3 |
Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін |
Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; |
4 |
Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондырар алдында және алты айдан кейін; |
Гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер; |
5 |
Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында |
Жүкті әйелдер |
6 |
АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес |
Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар |