2023 жылғы 17 шілдеде USAID өкілдерінің Алматы қ. ДСБ №7 қалалық емханасының қызметкерлерімен танысу кездесуі өтті. Сапарға қатысты Люси Майз, USAID / Вашингтон, Азия бюросы, Денсаулық сақтау бөлімінің басшысы; Арман Тоқтабаянов, туберкулез бойынша аймақтық кеңесші. USAID / Орталық Азия, Алматы қ., Қазақстан; Аликеева Эльмира, стратегиялық коммуникациялар жөніндегі аға маман/ҮЕҰ үйлестірушісі, Орталық Азиядағы ТБ жою жөніндегі USAID жобасы; Османова Надира, ЖАО бойынша өңірлік кеңесші, Орталық Азиядағы ТБ жою жөніндегі USAID жобасы.
Сапардың мақсаты: туберкулездің алдын алу бойынша МСАК емдеу желісінің жұмысымен танысу, ТБ қызметтеріндегі проблемалық бағыттарды анықтау.
Сапар барысында USAID делегациясы қақырықты алу кабинетімен, тікелей бақыланатын емдеу кабинетімен танысты, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын адамдарға психологиялық, әлеуметтік және оңалту көмегі қалай ұйымдастырылатынын анықтады. №7 БП-да Бостандық ауданында жедел әдіспен ТБ уақтылы диагностикасы бойынша халықтың қолжетімділігін жақсарту үшін "G-xpert" аппараты орнатылған.